Мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде идеологиялық жұмыс біртұтас және дамыған мемлекеттің басты тұжырымдамалық негізі болып табылатын «Біртұтас ел – Біртұтас жер» қағидаты бойынша ұйымдастырылған.
«Біртұтас ел» – бүкіл Қазақстан халқының тарихына, салт-дәстүріне, рухани құндылығына, көп ғасырлық мәдениетімізге және ел аумағында тұратын халықтардың тілдеріне құрмет.
Халық бірлігінің, оның тәуелсіздік, тұрақтылық, бейбітшілік пен келісім сияқты биік идеяларға біртұтас ұмтылысының арқасында қуатты да тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мүмкін болды. Бұл азат, зиялы қауымның жасампаз руханияты көрінісінің тарихи үлгісі.
Мемлекетіміздің тұтастығын сақтауда Қарулы Күштердің әскери қызметшілері кез келген сынаққа дайын. Армия – егеменді еліміздің сенімді қалқаны.
Ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету Қарулы Күштердің маңызды функцияларының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамы ұлттық, ұлтаралық, діни және басқа да белгілер бойынша бөлінуді қолдамайды.
«Біртұтас ел» қағидатына сүйеніп, Қарулы Күштердің әскери қызметшілері Конституциялық құрылысты қорғауға, төтенше жағдай, зілзала және қазіргі заманғы басқа да сын-қатер салдарын жоюға қатысуға кез келген уақытта дайын.
«Біртұтас жер» – Отанымыздың аумақтық тұтастығын сақтау – біздің қасиетті борышымыз. Ежелден ата-бабамыз жерімізге ешкімнің қол сұғуына жол бермей, оны сақтауды бізге өсиет етіп қалдырған.
Қарулы Күштердің әскери қызметшілері өз Отанының қорғаушысы бола отырып, Қазақстан халқына және оның заңды түрде сайланған Президентіне адал қызмет етеді, егеменді еліміздің Конституциясы мен заңдарын қасиетті түрде сақтайды және ақтық демі таусылғанша өз аумағын қорғауға және өз бір қарыс жерін бермеуге дайын.
Негізгі мақсат: жеке құрамның жауынгерлік рухын, олардың моральдық-психологиялық тұрақтылығын сақтау, ең алдымен, өз халқына және заңды түрде сайланған Президентіне шексіз берілу, кез келген жағдайда, оның ішінде жүктелген міндеттерді жанқиярлықпен орындауға дайын болу.
Міндеттері:
«Біртұтас ел – Біртұтас жер» қағидаты бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде идеологиялық жұмысты ұйымдастыру мен жүргізуге бірыңғай көзқарас;
әскери қызметшілерде патриоттық сезімді қалыптастыру мен дамытуды қамтамасыз ету;
ақпараттық-имидждік қолдау:
әскери тәрбие беру мүддесінде бұқаралық ақпарат құралдарының, ведомстволық, қоғамдық және өзге де ұйымдардың күш-жігерін біріктіру;
республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде, интернет-порталдарда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің қызметтік-жауынгерлік ісі, үздік әскери қызметшілер туралы жағымды материалдарды жария ететін армиядағы қызметке арналған рубрика құру болып табылады.
Күтілетін нәтиже:
«Біртұтас ел – біртұтас жер» бағдарламасын іске асырудың негізгі нәтижесі қазіргі заманғы сын-қатер мен еліміздің даму міндеттеріне жауап беретін әскери қызметшілерді идеологиялық тәрбиелеу жүйесін қалыптастыру, атап айтқанда әскери қызметшілердің Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне бірге қатысу сезімін нығайту, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету, белсенді өмірлік ұстанымы бар азаматты тәрбиелеу.
Қарулы Күштердің имиджін арттыру, әскери қызметтің беделін нығайту және кез келген жағдайда, оның ішінде жүктелген міндетті жанқиярлықпен орындауға дайын болу.
Қаржыландыру көзі: жыл сайынғы бөлінген лимит көлемінде.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде идеологиялық жұмыс саласында «БІРТҰТАС ЕЛ – БІРТҰТАС ЖЕР» мемлекеттік саясатын іске асыру жоспары 28 тармақтан тұрады.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде «БІРТҰТАС ЕЛ – БІРТҰТАС ЖЕР» қағидатын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығын шығару.
Мерзім – 2024 жылғы маусым.
Орындалды. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде идеологиялық жұмыс саласындағы «Біртұтас ел – Біртұтас жер» мемлекеттік саясатын іске асыру жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2024 жылғы 10 маусымдағы №595 бұйрығымен жоспар бекітілді. Жекелеген әскери бөлімдерге дейін жеткізілді. Қосымша ҚР ҚМ ТИЖД бастығының қол қоюымен жеделхат арқылы да жеткізілді.
Командирлер (бастықтар) шығаратын бланк өнімін (титулдық парақ) (қабырғаға газеті, көрнекі үгіт-насихат, жауынгерлік парақша, бөлімнің жауынгерлік туы жанында суретке түсу, алғыс хаттар, сыйлық өнімі) ресімдеуде «БІРТҰТАС ЕЛ – БІРТҰТАС ЖЕР» қағидатын пайдаланып өзгерістер енгізу.
Мерзім – 2024 жылғы желтоқсан.
Орындалуда. ҚР Қорғаныс министрі ТИЖ орынбасарының басшылығымен қызметтік кеңес өткізілді, талаптар жеткізілді. ҚР ҚМ ТИЖД бастығының қол қоюымен жеделхат арқылы да хаттама талаптары жеткізілді. Үлгілері жинақталды.
Қызметтік іссапар барысында тексеріліп, тексеру актілерімен ресімделетін болады.
Барлық шығарылатын ақпараттық материалдарда және баспа басылымдарында «БІРТҰТАС ЕЛ – БІРТҰТАС ЖЕР» айдарын пайдалану.
Мерзім – ұдайы.
Орындалды. ҚР Қорғаныс министрі ТИЖ орынбасарының басшылығымен қызметтік кеңес өткізілді, талаптар медиа контент орталығы басшылығына жеткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарының бірінші беттеріне өзгерістер енгізілді.
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жауынгерлік даярлық құжаттарының титул парағын ресімдеуде «БІРТҰТАС ЕЛ – БІРТҰТАС ЖЕР» қағидатын пайдаланып толықтыру енгізу.
Мерзім – 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейін.
Орындалуда. ҚР Қорғаныс министрі ТИЖ орынбасарының басшылығымен қызметтік кеңес өткізілді, талаптар жеткізілді. ҚР ҚМ ТИЖД бастығының қол қоюымен жеделхат арқылы да хаттама талаптары жеткізілді. Үлгілері жинақталды.
Қызметтік іссапар барысында тексеріліп, тексеру актілерімен ресімделетін болады.
Бағынысты әскерлерге барған кезде Мемлекет басшысының бағдарламалық құжаттарын және «БІРТҰТАС ЕЛ – БІРТҰТАС ЖЕР» қағидатын түсіндіру үшін әскери басқару органдарының бірінші басшылары мен лауазымды адамдарының жеке құрам мен олардың отбасы мүшелерінің алдында сөз сөйлеуін ұйымдастыру.
Мерзім – ұдайы.
Орындалуда. ҚР Қорғаныс министрі ТИЖ орынбасарының басшылығымен қызметтік кеңес өткізілді, талаптар жеткізілді. ҚР ҚМ ТИЖД бастығының қол қоюымен жеделхат арқылы да хаттама талаптары жеткізілді.
Мемлекеттік-құқықтық даярлық топтарының командирлеріне (бастықтарына), басшыларына Мемлекет басшысының бағдарламалық мақалаларының негізгі ережелерін және «БІРТҰТАС ЕЛ – БІРТҰТАС ЖЕР» қағидатын түсіндіру бойынша көмек ретінде әдістемелік ұсынымдар әзірлеу және жіберу.
Мерзім – мақала шыққаннан кейін.
Әскери бөлімдер мен мекемелер қолбасшылығының орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдерімен, мәслихат депутаттарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагерлерімен жеке құрам алдында «БІРТҰТАС ЕЛ – БІРТҰТАС ЖЕР» қағидатын түсіндіру іс-шараларына қатысу үшін өзара іс-қимылын ұйымдастыру.
Мерзім – 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейін.
Жеке құрамның санасында қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру, Отанды қорғау конституциялық және әскери борышына адалдық, «БІРТҰТАС ЕЛ – БІРТҰТАС ЖЕР» қағидатының негізгі құндылықтары жағдайында мемлекетте жүргізіліп жатқан саясатты (идеологияны) дұрыс түсіну мақсатында мемлекеттік-құқықтық оқыту даярлық сабақтарын ұйымдастырып, өткізу.
Мерзім – МҚД жүйесінде оқу жылына арналған сабақтың тақырыптық жоспарына сәйке.
Орындалды. ҚР Қорғаныс министрі ТИЖ орынбасарының басшылығымен қызметтік кеңес өткізілді, талаптар жеткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарының бірінші беттеріне өзгерістер енгізілді. Қосымша ҚР ҚМ ТИЖД бастығының қол қоюымен жеделхат арқылы да жеткізілді. Мемлекеттік-құқықтық даярлық жүйесінде сабақтар өткізілді.
Қорғаныс министрлігі жеке құрамымен ҚР Қорғаныс министрінің ТИЖ орынбасары өткізді.
«БІРТҰТАС ЕЛ – БІРТҰТАС ЖЕР» қағидатын түсіндіру бойынша басшылық құжаттардың талаптарына сәйкес мемлекеттік-құқықтық даярлық топтарының жетекшілерімен нұсқаулық-әдістемелік сабақ өткізу.
Мерзім – апта сайын.
Орындалуда: дүйсенбі күндері Мемлекеттік-құқықтық даярлықтың өткізілуі мен сапасы ТИЖ департаменті жеке құрамымен телефон арқылы тексеріледі. Анықталған кемшіліктер бойынша жеделхат жолданып шаралар қолданылады.
Әскери-оқу орындарында, әскери бөлімдер мен мекемелерде тәрбие сағаттарында мәдениетті арттыруға ықпал ететін және ұлттық болмысымызды қалыптастыратын «БІРТҰТАС ЕЛ – БІРТҰТАС ЖЕР» қағидатының негізгі ережелерін жеке құрамға түсіндіруді ұйымдастыру
Мерзім – ұдайы.
Шығармашылық зиялы қауыммен, оның ішінде Жазушылар одағымен және Ғылым академиясымен, университеттермен және қоғамдық ұйымдармен Қазақстанның мәдени жетістіктері туралы жеке құрамға жеткізу бойынша кездесу өткізу.
Мерзім – ұдайы.
Әскери бөлімдер мен мекемелерде Қазақстанда тұратын халықтардың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін білуге арналған әдеби кештер, дөңгелек үстелдер, викториналар өткізу
Мерзім – ұдайы.
Орындалуда: апта сайынғы демалыс алды, демалыс күндері мен мереке күндерінің жоспарларында мерзімді қызметтегі әскери қызметшілермен жоспарланып өткізіледі.
Өңірлік қолбасшылықтар, әскер бөлім бойынша жауаптылар іс-шаралардың сапалы орындалуын қадағалайды.
Тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті бойынша кезекші сенбі және жексенді күдері нақты жоспарланған іс-шаралардың орындалуын телефон арқылы гарнизондар бойынша бір әскери бөлімнен тексеріп қадағалау жүргізеді.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелеріне арналған салтанатты іс-шаралар, жалпыреспубликалық іс-шаралар, байқау ұйымдастыру.
Мерзім – ұдайы.
Орындалуда: мемлекеттік мерекелер мен кәсіби мерекелер кезеңінде үнемі түрде салтанатты митингілер өткізіліп, бірінші жетекшінің бұйрығы шығарылып ерекше көзе түскен және әскери қызметте жетістікке жеткен әскери қызметшілерді марапаттау рәсімдері өткізіледі.
6 шілде Астана күні, Десанттық шабуылдаушы әскерлерінің күні, 18 шілде әскери нышандар күні аталып өтті.
Жас әскери қызметшілердің әскери ант қабылдау рәсімін ұйымдастыру
Мерзім – көктем, күз.
Жеке құрамға экстремизм мен терроризмнің, дәстүрлі емес және тыйым салынған діннің құрылымды бұзатын идеяларының шынайы ниетін, олардың мәнін және қоғам мен армия үшін әлеуметтік қаупін нақты түсіндіру мақсатында Қазақстанның жетекші саясаттанушыларын, кәсіби дәріскерлерін, дінтанушыларын (теологтарын) тартып, дәріс өткізу
Мерзім – айына 1 реттен сиретпей.
Қару мен оқ-дәріні, қару-жарақ пен әскери техниканы сақтау, бақылау және есепке алудың тиісті жағдайын, әскери бөлім (мекеме) және әскери қалашық аумағына қатаң өткізу режимін сақтауды қамтамасыз ету
Мерзім – ұдайы.
Құқық қорғау, арнаулы және қадағалау органымен (әскери прокуратурамен) өзара іс-қимыл жасап, экстремизм мен терроризмнің құрылымды бұзатын идеологиясының мәні мен зиянын, оларға қарсы іс-қимыл жасау, оларды әскери ортада қабылдамау және бейтараптандыру жөніндегі пәрменді шараларды ашып көрсететін деректі фильм мен роликті, ақпараттық буклетті, жадынаманы, алгоритмді іріктеуді жүзеге асыру.
Мерзім – ұдайы.
«БІРТҰТАС ЕЛ – БІРТҰТАС ЖЕР» қағидаты бойынша «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының аудандық, қалалық, облыстық іріктеу кезеңін өткізу.
Мерзім – жыл сайын сәуір — мамыр.
Орындалды: «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының аудандық, қалалық, облыстық іріктеу кезеңі толықтай өткізілді. Гарнизон бастықтары, әскери бөлімдер командирлері, қорғаныс істері департаменттері мен бөлімдерінің тікелей ұйымдастырулары өткізілді. Оқушылар арасындағы іріктеу топтарында қазылар алқасы әскери қызметшілердің тікелей қатысуымен өткізілді.
Ашылу және жабылу сәттері салтанатты түрде өткізіліп, республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жарияланды.
«БІРТҰТАС ЕЛ – БІРТҰТАС ЖЕР» қағидаты бойынша әскери-патриоттық клуб жетекшілері мен тәрбиеленушілерін, орта және мамандандырылған мектеп оқушыларын, әскери оқу орнының курсанттарын кеңінен тартып, «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына дайындалу және өткізу.
Мерзім – ұдайы.
Орындалды: ағымдағы жылы Жиын Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы С.Қ. Нұрмағамбетовтің туғанына 100 жыл толу құрметіне С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлері Әскери институтының «Әли» оқу-жаттығу орталығында (Алматы облысы) өткізілді.
Алматы облысының әкімдігімен Жиынды өткізуге қажетті көмек көрсеткенін атап өту қажет.
Жиынға Әзербайжан Республикасының, Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының және Өзбекстан Республикасының командалары қатысты.
Қазақстан Республикасынан Жиынға «Жас ұлан» республикалық мектептерінің, Астана қ. әскери колледждің, әскери мектеп-интернаттарының, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері мен мекемелері жанындағы әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері және облыстық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары қатысты.
Жиынға барлығы 50 командадан тұратын 14-17 жастағы 750 ұлдар мен қыздар қатысты.
Жиын барысында жастарды қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу, олардың бойында сенімділік пен жоғары адамгершілікті қалыптастыру, жастарды интернациональдық келісім және өзара сыйластық рухында тәрбиелеу, халықаралық және ұлтаралық достықты нығайту жөніндегі идеологиялық жұмыс өткізілді. Спорттың әскери-қолданбалы және ұлттық түрлері бойынша жарыстар, әр түрлі конкурстар, көрмелер, кәсіби бағыттағы кездесулер, үйрету семинарлары, қойылымдар және басқа да мәдени-демалыс іс-шаралары өткізілді.
Жиынды өткізу Құрлық әскерлері Әскери институтының инфрақұрылымын және оқу-материалдық базасын одан әрі күнделікті өмір тіршілігінде қолдану үшін жаңартуға мүмкіндік берді.
Жоғарыда көрсетілген іс-шараның өзекті және маңызды екенін ескеріп, 2025 жылы әскери-патриоттық жиынды 1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы және Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына 100 жыл толу құрметіне өткізу жоспарлануда.
Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу бойынша жұмысты әрі қарай жетілдіру, өскелең ұрпақ бойында қазақстандық патриотизмді, өз елі үшін мақтаныш пен Отанға деген сүйіспеншіліктерін қалыптастыру және Жиынға қатысушылар санын арттыру мақсатында, 2026 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы, ал 2027 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жетекшілігімен өткізу ұсынылды.
Әскери бөлім мен мекеменің бекітіліп берілген ұйымдармен (оқу орындарымен, балалар үйімен, әскери-патриоттық, әскери-спорттық клубтармен) әскери қамқоршылық жұмысын ұйымдастыруы.
Мерзім – ұдайы.
Орындалуда: орта мектептерде оқушылардың жазғы демалысқа кетуіне байланысты тоқтатылды. Қыркүйек айынан бастап жалғастырылатын болады.
«БІРТҰТАС ЕЛ – БІРТҰТАС ЖЕР» қағидаты бойынша ардагерлер және жастар ұйымын тартып, орта оқу орындарында «Ерлік сабағын» өткізу.
Мерзім – үнемі.
Орындалуда: орта мектептерде оқушылардың жазғы демалысқа кетуіне байланысты тоқтатылды. Қыркүйек айынан бастап жалғастырылатын болады.
«БІРТҰТАС ЕЛ – БІРТҰТАС ЖЕР» қағидаты бойынша әскерге шақыру жасына дейінгі жастарды, ата-ананы, ардагерлер ұйымын тартып, жергілікті әскери басқару органының жиын (әскерге шақыру) пунктінде «Әскерге шақырылушы күнін» өткізу.
Мерзім – әскерге шақыру кампаниясы кезеңінде.
Орындалуда: әскер қатарына шығарып салу мен әскери борышын өтеген әскери қызметшілерді салтанатты түрде шығарып салу барысында митингілер өткізіледі.
Өткен кезеңде жалпы саны 799 мерзімді әскери қызметші, келісімшартқа отырып, әскери қызметте қалды.
Кеңес әскерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығаруға арналған іс-шараларға дайындалу және өткізу.
Мерзім – жыл сайын қаңтар — ақпан.
Отан қорғаушы күніне арналған салтанатты іс-шараларға дайындалу және өткізу.
Мерзім – жыл сайын сәуір — мамыр.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлерінің ҰОС-дағы жеңістің 80 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар кешеніне қатысуын ұйымдастыру.
Мерзім – жыл сайын мамыр.
Оқу орындарында жауынгерлік оқу және қызмет үздігінің, Қарулы Күштер ардагерлерінің, интернационалист-жауынгердің қатысуымен Отан қорғаушы күніне арналған «Ерлік сабағы» ашық сабағын ұйымдастыру және өткізу.
Мерзім – жыл сайын сәуір — мамыр.
1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне күнделікті өмірде көмек көрсетумен «Ардағым ардагерім» акциясын ұйымдастыру.
Мерзім – жыл сайын сәуір — мамыр.
Жастардың Халық Қаһарманы, армия генералы
М.Қ. Алтынбаевпен, Халық Қаһарманы, генерал-лейтенант
Б.Е. Ертаевпен, Халық Қаһарманы, авиация генерал-лейтенанты Т.А. Мұсабаевпен, Халық Қаһарманы, авиация генерал-майоры Т.О. Әубәкіровпен және Халық Қаһарманы, генерал-майор
А.А. Айымбетовпен «Генерал жолы – ар-намыс пен айбын» тақырыбында кездесуін ұйымдастыру және өткізу.
Мерзім – қыркүйек.