Менің балам Аягөз қ. қызмет өткереді. Мен мүгедекпін, денсаулық жағдайым ауыр, тұрақты күтімге мұқтажбын. Ұлымды Шымкент қ. ауыстыруды сұраймын.
Жауап: «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңына сәйкес әскери қызметшіні отбасы жағдайы бойынша ауыстыру отбасылық-мүліктік жағдайды зерттеп-қарау актісін ұсына отырып әскери қызметшінің баянаты бойынша жүзеге асырылады. Сіздің балаңызға отбасылық-мүліктік жағдайын зерттеуді өткізу үшін тұрғылықты мекен-жайы бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармасына (бөліміне) шағымдану және әрі қарай мәселені шешу үшін белгіленген тәртіппен қажетті құжаттарды кадрлық органға ұсыну қажет.
Келісімшарт бойынша әскери қызметтен өз еркімен шығу.
Жауап: Әскери қызметшіні әскери қызметтен шығару үшін негіздердің түбегейлі тізбесі «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының (бұдан әрі – Заң ) 26-бабында көзделген. Өз еркімен жұмыстан шығару түріндегі негіздеме Заңда қамтылмаған, әскери қызмет өткеру туралы келісімшартта азаматтың әскери қызмет өткеруге міндеттенетін мерзімі бекітіледі және сол мерзім өткенге дейін келісімшарт өз қолданысын тоқтата алмайды (Заңның 37-тармағы).
Әскери қызметке келісімшарт бойынша қалай кіруге болады.
Жауап: Келісімшарт бойынша әскери қызметке кіру үшін Сізге жергілікті әскери басқару органының бастығына өтініш беру қажет, онда Сіз келісімшарт жасасуға ниет білдірген әскери бөлімнің (мемлекеттік мекеменің) атауы көрсетілуге тиіс. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы»
ҚР Заңының 38-бабының талаптарына сәйкес болған кезде келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау үшін Сіздің кандидатураңыз тиісті құжаттар келіп түскеннен кейін Қорғаныс министрлігінде қаралады.








Мен кеше жазган смс ошип кенкенба таппай калдым
Сіздің жазған сұрағыңыз жарияланды ✅