Әскери қызметшілердің тұрғын үй төлемдері жөніндегі жиі қойылатын сұрақтар мен жауаптар

Вопросы и ответы

Сұрақ: Қазір «қатаң 90 м² шегі» бар ма?

Жауап: Қазір шекті ауданды заң тікелей бекітпейді. Есептеу үшін негіз ретінде әр отбасы мүшесіне 18 м² норма қолданылады. Қажет болған жағдайда шекті ауданды ведомстволық қағидалар айқындайды. Яғни отбасы құрамы ұлғайса, есептік аудан да соған сай өседі.
Мысал: 6 адам → 6×18 = 108 м².

Сұрақ:  Пәтер иесі келісімшартқа тұрғысы келмесе, жалдау шартын қалай жасасып, тіркеуге болады?

Жауап: Алғашқыдан-ақ ресми келісімге дайын меншік иесін іздеген дұрыс. Шартты тіркеу — міндетті талап. Мұны алдын ала талқылап, әділет органдары немесе ХҚКО (ЦОН) арқылы тіркеуге көмектесуді ұсыныңыз. Тіркелмеген шартты банк те, әскери бөлімдегі тұрғын үй комиссиясы да мақсатты жұмсау дәлелі ретінде қабылдамауы мүмкін.

Сұрақ:  ХҚКО (ЦОН) мен нотариус жоқ шалғай гарнизонда жалдау шартын қалай тіркеуге болады?

Жауап: Мына баламалар бар:
• елді мекенге келетін жылжымалы (мобильді) ХҚКО-ға жүгіну;
• өкілге сенімхат рәсімдеп, ең жақын ауданда тіркеу;
• мүмкін болса, жақын орналасқан ХҚКО (ЦОН) барып рәсімдеу.
Көп жағдайда нотариаттық куәландыру талап етілмейді: жазбаша шарт және оның мемлекеттік тіркеуі жеткілікті.

Сұрақ: Жаңа тәртіп бәріне ме, әлде 2025 жылғы 1 шілдеден кейін шақырылғандарға ғана қатысты ма?

Жауап: Барлық әскери қызметшілерге қолданылады, бірақ өтпелі ережелермен. Мысалы, кей нормалар 2025 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді және бұрын рәсімделген ипотекаларға қатысты БТТ (ЕЖВ) бойынша ерекшеліктер сақталған.

Сұрақ: АТТ (ТЖВ)-ның «қалдығын» шешіп алуға бола ма?

Жауап: Қазіргі таңда тәртіп нақтыланды: өзге мақсаттарға шешіп алуға болмайды. Егер ипотекаңыз болса, артық сома жылына бір рет негізгі қарызды мерзімінен бұрын өтеуге жіберіледі. Ипотека жоқ болса — қаражатты тұрғын үй сатып алуға жинақтауға немесе жалдауға (белгіленген мерзім шегінде) пайдаланасыз.

Сұрақ: Төлемдерді үйді жөндеуге жұмсауға бола ма?

Жауап: Жоқ. Жаңа заңда ашықтық үшін үш-ақ мақсат қалдырылды:
— тұрғын үй сатып алу (соның ішінде бөліп төлеу/ипотекамен);
— тұрғын үй құрылысы жинақтарын толықтыру;
 — тұрғын үйді жалдау ақысын төлеу.

Сұрақ: Неліктен жалдау мерзімі 8 жылмен шектелді?

Жауап: Бұл — отбасының түсінікті траекториясы үшін жасалған нақтылану: алдымен жалдау, кейін жинақ және сатып алу. Бұрыннан АТТ (ТЖВ)алып жүргендер үшін 8 жылдық мерзім 2025 жылғы 1 шілдеден бастап есептеледі.

Сұрақ: Отбасымыз үш адам болғанда 43 м² ипотека үй алдық, қазір жеті адам болдық. Неліктен «кеңейту» нормасы жоқ?

Жауап: АТТ (ТЖВ)пайдаланып үй сатып алу құқығы — бір рет беріледі. Сатып алу кезінде ауданды шектеу жоқ, бірақ АТТ (ТЖВ)есебінен қайтадан сатып алу қарастырылмаған. Отбасы үлкейсе, есептік норма (әр адамға 18 м²) өседі — бұл төлем/жалдау нормасының көлеміне әсер етеді, алайда «екінші рет» сатып алуға құқық бермейді. Мүмкін шешімдер: өз қаражатыңыз немесе әдеттегі ипотекалық құралдар.

Сұрақ: Қалған ақшаны ала алмаймыз. Енді қалай өмір сүреміз?

Жауап: АТТ (ТЖВ)— мақсатты қаражат (тек үй сатып алуға немесе жалдауға беріледі). Ипотекаңыз болса, артық сома жыл сайын негізгі қарызды азайтады (пайыздан үнем). Ипотека жоқ болса — 8 жылға дейін жалдауға немесе жинақтауға пайдалануға болады. Қаржылық қиындық туындаса, бөлімнің тұрғын үй комиссиясына жүгінген жөн: қызметтік тұрғын үй алу мүмкіндіктерін түсіндіреді.

Сұрақ:  Бұрын тұрғын үй құқығын жүзеге асырған (жекешелендірген, өтемақы алған, БТТ (ЕЖВ) алған, АТТ (ТЖВ) есебінен ипотекасын жапқан) және басқа гарнизонға ауысқан әскери қызметші неге үміттене алады?

Жауап: Әскери қызмет орны ауысқанда қызметтік тұрғын үй беріледі. Егер ол жоқ болса — қызметтік тұрғын үй берілгенге дейін жалдауға ғана АТТ (ТЖВ)-ның 50%-ы төленеді. Ұсынылған қызметтік тұрғын үйден бас тартса, төлемдер тағайындалмайды/тоқтатылады.

Сұрақ: Отбасында екі жұбайы да әскери қызметші болса, тұрғын үй төлемдері қалай төленеді?

Жауап: Отбасыға бір ғана арнайы жеке шот ашылады — қайсысының атына ашылатынын жұбайлар өздері шешеді. Жұбайлар арасындағы ресми ақша аударуға болады (шоттан, шотқа), артық шот жабылады.

Сұрақ: БТТ (ЕЖВ) енді тек ипотеканың негізгі қарызын жабуға жұмсалады. Оны кім және қалай ала алады?

Жауап: БТТ (ЕЖВ) — 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін шақырылғандарға беріледі. Жаңа заңда оның негіздері нақтыланды: шекті жасқа толу, денсаулық жағдайы, штат қысқаруы және отбасылық мән-жайлар (жұбайының қызмет орнын ауыстырудан басқа) бойынша әскерден шығу. Келісімшарт мерзімі бітіп әскерден кеткен кезде — БТТ (ЕЖВ) төленбейді. Төленетін сома ипотеканың негізгі қарызы қалдығынан аспайды. Бұрын рәсімделген ипотекалар өтпелі нормалармен қорғалады.

Сұрақ: Кімдер «жақын туыс» болып саналады (олардан сатып алуға/жалға алуға болмайды)?

Жауап: Ата-ана, балалар, асырап алушы және асыранды, туған және бір әке/бір ана арқылы туыс аға-әпкелер, ата-әже, немерелер сондай-ақ жұбайыңыздың да осындай туыстары.

Сұрақ: АТТ (ТЖВ) -ны мақсатсыз пайдалану қалай анықталады?

Жауап: Жыл сайын арнайы шоттағы ақша айналымы туралы анықтама (выписка) тапсырасыз. Төлемдердің рұқсат етілген мақсаттарға жұмсалғаны тексеріледі. Бұзушылық анықталса, соманы қайтару және жауапкершілік көзделген.

Сұрақ: АТТ (ТЖВ) қалай есептеледі?

Жауап: Өңір бойынша 1 м² жалдау құны (ағымдағы жылдың қаңтарындағы статоргандар деректері) алынады да, ол сіздің есептік ауданыңызға (18 м² × отбасы мүшелерінің саны) көбейтіледі. Төлем отбасы құрамы өзгергенде, қызмет бойынша қоныс аударғанда немесе қаңтар бағамы жаңарғанда қайта есептеледі.
Мысал: өңірлік ставка 5 453 тг/м², отбасы 4 адам → 72 м² × 5 453 = 392 616 тг/ай (иллюстрация үшін).

Сұрақ: АТТ (ТЖВ) есебінен баспананы қанша уақыт жалдауға болады?

Жауап: Тәртіп нақтыланды: ағымдағы төлемдер есебінен жалдау 8 жылға дейін мүмкін; одан кейін төлемдер жинақтауға/сатып алуға бағытталады. Егер жалдау 2025 ж. 1 шілдеге дейін тағайындалса, осы 8 жыл 2025 ж. 1 шілдеден бастап есептеледі. Жалдау шарты мемлекеттік тіркеуге жатады (тіркеуді меншік иесі жүргізеді). Қызмет өтейтін жерде ипотека бар болса, осы төлемдерден жалдау ақысы төленбейді.

Сұрақ: Туыстардан (жұбайдың туыстарын қоса) баспана сатып алуға немесе жалдауға бола ма?

Жауап: Қазір нақты шектеу бар: тұрғын үй төлемдерін жақын туыстардан сатып алуға не жалдауға пайдалануға болмайды. Бұл — мүдделер қайшылығын және «қағаз жүзіндегі» жалдауды болдырмау үшін.

Сұрақ: Егер менде ипотека болып, арнайы есепшотта «артық» қаражат жиналса, не істеледі?

Жауап: Ыңғайлы болсын деп тәртіп нақтыланды: мұндай артық сома жылына бір рет ипотекалық қарыздың мерзімінен бұрын өтелуіне жіберіледі. Өзге мақсаттарға жұмсауға болмайды; мақсатсыз пайдаланылса, қаражатты мемлекетке қайтару керек.

Сұрақ: Өткен кезеңдердегі қамтамасыз етілмеу үшін біржолғы тұрғын үй төлемі (ЕЖВ) кімдерге беріледі?

Жауап: БТТ (ЕЖВ) әскери қызметке 2018 ж. 1 қаңтарға дейін шақырылғандарға және белгіленген негіздермен босатылғанда тағайындалады. Есептеуде әр отбасы мүшесіне 18 м² және өңірдің қаңтар айындағы статистикалық деректері ескеріледі; бұрын төленген «ағымдағы» сомалар шегеріледі.

Сұрақ: Әскери қызметтен босату кезінде БТТ (ЕЖВ) қандай негіздер бойынша төленеді?

Жауап: Тәжірибені реттеу үшін төрт негіз сақталды: шекті жас, денсаулық жағдайы, қысқарту, отбасылық жағдайлар (жұбайының қызмет орнына ілесіп көшу — тыс). Контракт мерзімі аяқталуына байланысты босатылғанда ЕЖВ көзделмейді (2025 ж. 1 шілдеден бастап).

Сұрақ: БТТ (ЕЖВ) мөлшері ипотекалық қарыз қалдығымен шектеле ме?

Жауап: Иә, ашықтық үшін тәртіп сәйкестендірілді: есептелген БТТ (ЕЖВ) сомасы ипотеканың негізгі қарызынан артық болса, төлем негізгі қарыз мөлшерінен аспайды. 2025 ж. 1 шілдеге дейін ипотека ресімделгендер үшін өтпелі ереже қолданылады.

Сұрақ: Егер мен (немесе жұбайым) бұған дейін тұрғын үй құқығын іске асырған болсам, әскери қызмет орнын ауыстыру кезінде не беріледі?

Жауап: Қызмет ету орны ауыстырылғанда алдымен қызметтік тұрғын үй ұсынылады. Ол жоқ болса, қызметтік тұрғын үй берілгенге дейін әдеттегі мөлшердің 50% көлемінде тек жалдауға арналған ағымдағы төлем тағайындалады. Тұрғын үйді сатып алу құқығы тұрғын үй төлемдері есебінен бір рет жүзеге асырылады. Ұсынылған қызметтік тұрғын үйден бас тартылса, төлемдер тоқтатылады.

Сұрақ: Екі жұбай да әскери қызметші болса қалай болады?

Жауап: Отбасы бір ғана арнайы есепшот ашады; төлем кімнің атына түсетініне жұбайлар өздері шешім қабылдайды, қаражатты олардың есепшоттары арасында ресми аударуға болады, екінші арнайы/жинақ шоты жабылады.

0

Автор публикации

не в сети 3 дня

arman_qalyshev

6
Разработчик
Комментарии: 34Публикации: 100Регистрация: 05-07-2024
arman_qalyshev

Разработчик

Оцените автора
ARMIA.KZ
Добавить комментарий

  1. Амангали

    Саламатсызба менин сурагым бар еди 2024 жылы ротация аркылы Актобе каласынан Балхаш каласына ауыстым 2025 жылдын мамыр айында келисим шарт мезгили аякталып запаска шыгарылдым 2025 жылдын корганыс министринин буйырыгымен шилде айында Актобе каласына аскери катарына кабылдандым енди сурак
    2022 жылы Актобе каласынан ипотикага уй алгам казирги танда ай сайынгы толеми 177 000 тенге маган кварира толеми толенема ипотеканын 10 жыл бар толеми

    0
    Ответить
  2. Канат

    Здравствуйте! Могу ли я оплачивать ипотеку жены?

    0
    Ответить
  3. Marzhan

    Ипотекага уй алсак пенсияга шыққанда остаток сумманы мемлекет отеп берема толык

    0
    Ответить
  4. Quanysh

    Қайырлы күн! 2022 жылы келісім шарт аяқталуына байланысты жұмыстан шықтым, 1 адамға 1900 000 ЕЖВ алдым. Қазір басқа гарнизонға жұмысқа кіріп істеп жатырмын. 5 адамға квартирный аламын, енді 5 адамның квартирный 50 пайызын төлейма ??? Или ежв алган 1 адамның 50 пайызын төлейма???

    0
    Ответить
    1. arman_qalyshev автор

      ✔️ ЕЖВ алған адам қандай статусқа өтеді?
      Сіз 2022 жылы жұмыстан шыққанда 1 адамға 1 900 000 тг ЕЖВ алдыңыз.
      Бұл – тұрғын үй құқығыңызды толық іске асырдыңыз деген сөз.
      ЕЖВ – бір реттік құқық.
      Сондықтан сіз:
      ➡️ «Тұрғын үйге мұқтаж емес» әскери қызметші ретінде есептелесіз.
      ➡️ Жаңа гарнизонға кіргенде қайтадан 100% квартирный немесе жаңа ЕЖВ тағайындалмайды.
      ✔️ Сізге 50% квартирный төлене ме?
      ЕЖВ алған әскери қызметшілерге тек жалға алып тұратын тұрғын үй үшін 50% ТЖВ тағайындалуы мүмкін, егер:
      Қызметтік пәтері жоқ болса;
      Өз қалаңызда жеке меншікті баспанасы болмаса.
      ✔️ Нақты жауап
      Сізге 50% квартирный барлық отбасы мүшелеріне есептеліп төленеді.
      Яғни ТЖВ мөлшері отбасы құрамы бойынша (адам санына қарай) есептеледі,
      бірақ төлемнің пайызы — 50% ғана, өйткені сіз бұрын ЕЖВ алғансыз.

      0
      Ответить
  5. Мажит

    Мен 2013жылы кіргем егер келісімшартым аяқталып шығып жатсам маған ЕЖВ төленема?

    0
    Ответить
    1. arman_qalyshev автор

      Иә, төленеді. ЕЖВ сіздің 2013–2018 жылдар аралығында қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілмеген кезеңдеріңіз үшін есептеледі.

      0
      Ответить
  6. Кадирберген

    1 .МЕН ОЗ БАСЫМА ГАНА 1МЛН ЕЖВ АЛГАНМЫН АЙЕЛЫМЕ ЖАНЕ БАЛАЛАРЫМА АЛГАНЫМ ЖОК НЕГЕ ОЛАРГА КВАРТИРНЫЙ 100% ТОЛЕНБЕЙДЫ 2. ИПОТЕКАМЕН УЙ РАСЫМДЕУГЕ БОЛАМА

    0
    Ответить
  7. Асем

    Саламатсызба. Біз Астана қаласынан ипотекаға үй алғанбыз отбасы банктен, қазір Таразға көшіп кеттік.
    Ипотекадан қалған сумманы, басқа қалада арендада тұрып жатқан есебінен, заңды келісім шартпен шеше аламызба?

    0
    Ответить
    1. arman_qalyshev автор

      Егер Сіз әскери қызметші болып, Астанадағы ипотеканы «Отбасы банк» арқылы тұрғын үй төлемдерімен (ТЖВ) жауып отырсаңыз, онда тәртіп мынадай:
      ТЖВ алдымен Астанадағы ипотеканың ай сайынғы төлемін жабуға жіберіледі.
      Қалған «қалдық» соманы, егер қазір қызмет орныңыз Таразда болса,
      ресми жалдау шартының негізінде Тараздағы жалдамалы пәтерге төлеуге пайдалануға болады. Ол үшін:
      — пәтер иесімен жазбаша жалдау шарты жасалады;
      — ТЖВ түсетін арнайы шоттан ақша тікелей пәтер иесінің шотына аударылады.

      0
      Ответить
  8. Амангали

    Менин сурагым мен 2022 жылы Актобе каласынан аскери баспана багдарламасы бойынша уй алдым 2024 жылы Актобе гарнизонынан Балхаш гарнизонына ротация аркылы 53898 аскери болимине ауысып бардым 2025 жылдын 25 мамырында келисим шарт аяктап запаска шыгарылып жумыстан кеттим 2013-2018 жылдар аралыгындагы толемдерди алдым 4 миллион 600 мын 2025 жылдын 31 шилдесинде кайтадан жумыска аскери катарга жумыска турдым Актобе гарнизонына жумыска кирдим алган ипотикам жабылган жок кредитт толеп жатырмын енеді казирги танда ипатика толеуге тургын уй толемдери толенбей жатыр счеттарымнын бари жабык

    0
    Ответить
    1. arman_qalyshev автор

      Жағдайыңызды қарапайым тілмен тізіп шығайын.
      ✅Қазір заң алдында сіздің статусыңыз қандай?
      — 2022 ж. Ақтөбеден «әскери баспана» бағдарламасымен пәтер алдыңыз – яғни отбасыңызға тұрғын үй беру тетігі іске қосылды.
      — 2025 ж. 25 мамырда жұмыстан кеткен кезде сізге 2013–2018 жылдар аралығындағы ЕЖВ (единовременные жилищные выплаты) ретінде 4,6 млн тг төленген.
      — Заңда: ЕЖВ-ның ең төменгі сомасы деген ұғым жоқ – аз болса да, көп болса да, ЕЖВ алған сәттен бастап сіз «тұрғын үймен қамтамасыз етілген» болып есептелесіз, құқығыңыз жүзеге асқан деп саналады.
      ✅ Неге қазір ТЖВ (текущие жилищные выплаты) ипотекаға төленбей отыр?
      — ЕЖВ – бір реттік құқық: оны алған соң, сол құқық қайтадан берілмейді. Қайтадан ипотекаға ТЖВ беру немесе жаңа ЕЖВ тағайындау заңмен қарастырылмаған.
      — Заңда тікелей жазылған: ЕЖВ алғаныңыз – тұрғын үйге қатысты құқығыңызды жүзеге асырдыңыз деген сөз, сондықтан қайтадан ТЖВ есебінен ипотека жабуға құқық берілмейді.
      — Сол себепті бұрынғы әскери «жилищный» шоттарыңыз жабылған – өйткені сіз енді жаңа ТЖВ алуға жатпайсыз.
      ✅Қайта қызметке тұрғаннан кейін неге ақша ашылмады?
      — 2025 ж. 31 шілдеде қайтадан әскери қызметке тұрдыңыз, бірақ бұл кезде заңның жаңа редакциясы күшіне енген.
      — ЕЖВ алып қойған әскери қайта қызметке тұрған кезде: 1) ол құқықты іске асырған тұлға ретінде есептеледі; 2)оған енді жаңа ТЖВ/ЕЖВ берілмейді, тек ерекше жағдай – басқа елді мекенде қызмет еткенде қызметтік баспана немесе 50% ТЖВ арендаға қарастырылуы мүмкін.
      — Сіз қайтадан сол Ақтөбе гарнизонына, өз пәтеріңіз тұрған қалаға жұмысқа тұрдыңыз. Яғни заң логикасы бойынша: “өз қалаңда өз пәтерің бар – тұрғын үйге мұқтаж емессің” → ТЖВ төленбейді.
      ✅Ипотека неге әлі жабылмады, оны кім жабады?
      — ЕЖВ ипотеканы тек өз сомасы шегінде жабады. Егер сіздің банктегі қарызыңыз ЕЖВ-дан көп болса, қалғанын әскери өзі төлейді – бұл заңда тікелей жазылған.
      Сондықтан қазір:
      пәтер – сіздің атыңызда;
      ЕЖВ өз үлесін жапты;
      ипотеканың қалған бөлігін жалақыңыздан/жеке қаражатыңыздан төлеуге тура келеді.

      0
      Ответить
Нажмите на кнопку Прокрутите вниз, затем нажмите -> На экран «Домой» -> Добавить
Используйте Safari для большего удобства
Главная
Моя лента
ИИ Чат
Популярное
Аккаунт