54770 әскери бөлімі. Войсковая часть 54770

Где служит мой сын?

1. Жалпы мәліметтер
— Әскери бөлімі нөмірі: 54770 әскери бөлімі
— Пошталық мекенжайы: Абай облысы, Семей қ., Западный Промулез Әскери қалашық 2/4
2.Әскери бөлімнің тарихы
КСРО Қарулы Күштерінің Бас штабының 1973 жылғы 25 қаңтардағы №314/2/00370 Директивасы және Құрлық әскерлерінің Бас штабының 1973 жылғы 6 ақпандағы №453/00150 Директивасына сәйкес, 54770 әскери бөлімі – инженерлік әскерлердің жылжымалы жөндеу-техникалық базасы құрылды. Дислокация орны – Семей қаласы. Бөлімнің қалыптасуы Жамбыл облысы Гвардейский кентіндегі 75263 әскери бөлімінде өтті.
1975 жылдың тамызында әскери бөлімге Жауынгерлік Ту табысталды.
1974 жылдың 18 желтоқсанында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Қызыл Туға грамотасы берілді.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 1992 жылғы 18 маусымдағы директивасына сәйкес, бөлім жеке инженерлік-техникалық батальон (54770 әскери бөлімі) болып қайта құрылды. 1992 жылғы 16 қарашадағы ҚР Қорғаныс министрлігі Бас штабы бастығының бұйрығымен бөлімнің Жауынгерлік Туы, оған берілген грамота және тарихи формуляр жеке инженерлік-саперлік батальонға тапсырылды.
3.Әскери бөлім басшылығы және байланыс телефондары:
— Әскери бөлім командирі: подполковник Танирбергенов Канат Куралович, тел: 87784702400
— Әскери бөлім командирінің тәрбие және иедологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары:
майор Ахмедиев Нурислам Маратович, тел: 87020824703
— Әскери бөлім психологы: аға офицер (аға психолог): майор Лакова Алия Нурлыбековна,
тел: 87054602876
— Қабылдау күндері мен уақыты: әр дүйсенбі, 09:00–11:00
— Жедел байланыс (кезекші бөлімнің телефоны): 87084672566
4.Қызмет жағдайы:
Демалыс күндері тәрбиелік іс-шаралар, әскери дәстүрлерге арналған кездесулер, көркем фильмдер көрсету және «Отбасымен бейнеқоңырау» қызметі арқылы әскери қызметшілердің туыстарымен сөйлесуі ұйымдастырылады.
Әскерилер күніне үш рет тамақтанады (таңғы ас, түскі ас, кешкі ас). Ас мәзіріне ет, балық, көкөністер, жемістер (алма, апельсин, банан) кіреді.
Күн сайын әскери қызметшілерді медициналық персонал тексереді.
«Жауынгерлік дос» жүйесі, «Отбасымен бейнеқоңырау» қызметі және құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары енгізілген.
5.Тәрбиелік жұмыс және психологиялық қолдау
1. Әскери қызметшілерде патриоттық сезімді қалыптастыру, Конституциялық борышқа адалдық, мемлекеттік саясатты түсіндіру, әскери тәртіп пен құқықтық мәдениетті нығайту.
2. Психологиялық тұрақтылық пен тапсырмаларды орындауға дайындықты жетілдіру.
Күн тәртібі:
1.06:00 – 06:10 Ұйқыдан тұру
2.06:10 – 06:40 Таңғы жаттығу (30 минут, таза ауада)
3.07:20 – 08:00 – Таңғы ас
4.09:00 – 12:50 – Сабақтар
5.13:00 – 13:50 – Түскі ас
6.14:00 – 18:00 – Қосымша дайындықтар (саптық, тактикалық жаттығулар)
7.18:30 – Дене шынықтыру, жеке дайындық
8.19:00 – 19:30 – Кешкі ас
9.19:30 – 20:30 – Бос уақыт
10.20:30 – 21:30 – Телебағдарламалар көру
11.21:30 – 21:50 – Кешкі серуен
12.22:00 – Ұйқыға жату
Әскери бөлімнің әлеуметтік желілері:
Instagram, TikTok: Vch_54770

0

Автор публикации

не в сети 18 часов

armankt_vmb3c7u1

6
Разработчик
Комментарии: 2Публикации: 85Регистрация: 05-07-2024
armankt_vmb3c7u1

Разработчик

Оцените автора
ARMIA.KZ
Добавить комментарий
Нажмите на кнопку Прокрутите вниз, затем нажмите -> На экран «Домой» -> Добавить
Используйте Safari для большего удобства
Главная
Моя лента
ИИ Чат
Популярное
Аккаунт