1. Жалпы мәліметтер
— 54179 әскери бөлімі;
— 040809-индекс, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Шеңгелді ауылы
2. Әскери бөлім тарихы
1963 жылы Түркімен КСР-нің Мары қаласында Жаяу әскерлер Бас Қолбасшысының Директивасымен және Түркістан әскери өңірі қолбасшысының бұйрығымен жеке радиотехникалық барлау ротасының негізінде 54179 әскери бөлімі құрыла бастады.
1963 жылы 1 сәуірде әскери бөлім толықтай құрылып бітті. КСРО Қорғаныс Министрінің
1963 жылғы 12 қарашадағы №014-ші бұйрығымен әскери бөлімге Жауынгерлік ту тапсырылды. Кеңес Одағының оңтүстік шекарасын қорғауды күшейту мақсатында 1969 жылы Орта Азия әскери өңірі құрылды. 1969 жылдың 22 маусымында КСРО Қарулы Күштері Бас штаб бастығының Директивасына сәйкес 54179 әскери бөлімі қазақ КСР-нің Целиноград қаласына ауыстырылды.
1984 жылы 2 сәуірде КСРО Қарулы Күштері Бас штабының Директивасы негізінде Орта Азия әскери өңірі қолбасшысының бұйрығымен 54179 әскери бөлімі Целиноград қаласынан Қапшағай қаласына (қазіргі Қонаев қаласы) ауыстырылды.
1989 жылы КСРО Қарулы Күштері Бас штабы Директивасымен 54179 әскери бөлімінің құрамына 11884 жеке батальоны енді. 1990 жылы 1 желтоқсанда екі батальоннан радиоэлектрондық күрес полкі құрылды.
2006 жылы 1 ақпанда Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің Директивасымен полк бригадаға ауыстырылды.
2008 жылдың 23 мамырында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің шешімі негізінде, 54179 әскери бөлімі Қапшағай қаласынан (қазіргі Қонаев қаласы) Шеңгелді ауылына орын ауыстырды.
3.Әскери бөлім басқармасының телефон нөмірлері:
— 54179 әскери бөлім командирі полковник Байжан Женисжан Байжанулы +7 707 318 28 21
— 54179 әскери бөлім командирінің орынбасары (тәрбие және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі) – бөлім бастығы әділет майоры Сапарбеков Есен Баймаханбетұлы +7 702 568 66 44, +7700 693 04 67
— 54179 әскери бөлімінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар бөлімінің офицерінің (психологі) МУА аға лейтенант Тазабек Құдрет Асылханұлы +7 747 126 09 96
— Жеке сұрақтармен әскери қызметшілерді және олардың отбасы мүшелерін, жұмысшылар мен қызметшілерді қабылдау тәртібі:
— Әскери бөлім командирімен – апта сайын бейсенбі күні 15.00 -17.00.
— Әскери бөлім командирінің орынбасарлары апта сайын сейсенбі күні 15.00-17.00.
— 54179 әскери бөлімінің бөлім бойынша кезекшісінің нөмірі: 2-94-11, 87277271925
4.Тылдық қамтамасыз ету
Тылдық қамтамасыз ету бөлімінің киім–кешек қызметі Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің 2015 жылғы 27 мамырындағы №277 «Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін заттай мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» бұйрығының №6,16 нормалары мен қамтамасыз етіледі және Алатау қаласындағы орталық базадан киім–кешек алынып әскери бөлімге нормаға сай қамтамасыз етіледі.
Тылдық қамтамасыз ету бөлімнің азық–түлік қызметі Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрінің 2015 жылғы 18 маусымдағы №353 «Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін азық–түлікпен, азықпен, жабдықпен, асханалық–асүйлік ыдыспен және азық–түлік қызметінің техникасымен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» №1 «жалпыәскери» азық үлесі нормасымен қамтамасыз етіледі. №1 нормаға сәйкес 1 апталық мәзір құралады.
5.Тәрбие жұмысы
Тәрбие жұмысы жеке құрамды оқыту мен тәрбиелеудің анағұрлым пәрменді нысандарының бірі болып табылады. Онда тәрбиелеу мақсаттары мен міндеттері арнайы дайындалған ақпараттық материалдар негізінде жеке құрамда дүниетанымдық құндылық жүйесін және әскери-патриоттық сананы қалыптастыратын ақпараттық оқыту, тәрбиелеу нысандарымен және әдістерімен шебер үйлескен, ол әскери қызметшілердің психикасына және мінез-құлқына жүйелі педагогикалық тұрғыдан ықпал етеді.
Тәрбие жұмысы жеке құрамды әскери-саяси бағдар алуға, қоғамдық маңызды идеалдарды, патриотизм идеяларын, Отанға қызмет ету негізін, мемлекеттік мүддені және жоғары рухани қажеттілікті оның санасында және мінез-құлқында дарыту негізінде жоғары моральдық-психологиялық қасиетті қалыптастыруға бағытталған. Жеке құраммен тәрбие жұмыстары әскери бөлімдегі күн тәртібіне сәйкес апта сайын. (дүйсенбі және жұма) күндері 40 минуттан өткізілуде.
6.Психологиялық жұмыс
Мерзімді әскери қызметшілердің жеке құрамының моральдық-психологиялық жай-күйінің тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында психологиялық көмектер, тренингтер, жеке сұхбаттар, тестілеу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп отырады. Жеке құрамның моральды-психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық.
7.Медициналық қамтамасыз ету
Мерзімді әскери қызметшілерді медициналық қамтамасыз ету бекітілген жалпы ережелерге және басшылық құжаттарға сәйкес жүргізіледі. Мерзімді әскери қызметшілердің денсаулық жағдайын жақсарту және түрлі сырқаттанулардың алдын алу бойынша үнемі келесі іс-шаралар өткізіледі:
- ротада күнделікті дене тексерісі жүргізіледі
- Аптасына 1 рет санитарлық ережелерге сай тазалық жұмыстары жүргізіледі.
- Профилактикалық түсіндірме сабақтары өткізіледі.
- Амбулаториялық ем-шаралар өткізіледі.
- Тегін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етіледі.
- Денсаулығының сырқаттануына байланысты Алматы қаласы Әскери клиникалық госпитальға медициналық тексеріске жіберледі.
- Медициналық пунктінің санитарлық көлігімен қамтылып мерзімді әскери қызметшілерді тасымалданады.
- Күнделікті ас уақытысында асхананың тазалығы мен тамақтын сапасы және асхана қызметкерлернің денсаулығы тексеріледі.
- Аптасына бір рет моншаға түсіріледі және жеке бас гигиенасының сақталуын қадағаланады.
- Мерзімді әскери қызметшілердің жеке медициналық кітапшаларына тексеру жүргізіледі.
- Спорттық, атыс жаттығулар және дала шаруашылық жұмыстар кезінде медицина қызметкерлерімен қамтылады.
- Кезекші фельдшермен күнделікті тексерістер жүргізіледі.
- Кезекші фельдшердің алғашқы медициналық көмек көрсету сөмкесі толық жабдықталған.
- Үй жайларда жеке гигиенаға арналған антисептикалық заттармен қамтылған.











