1. Жалпы мәліметтер:
— әскери бөлім нөмірі – 41446;
— пошталық мекенжай – 070201, Абай облысы Аягөз қаласы Абай бульвары көшесі 52Б ғимараты;
— әскери бөлім тарихы –
41446 әскери бөлімі Құрлық әскерлері Бас штабының 1974 жылдың 26 ақпанында №453 Директивасының негізінде аға лейтенант Георгий Антоненконың басшылығымен Қазақ Кеңестік Социалисттік Республикасының Семипалатинск облысы Аягөз қаласында құрылды.
1989 жылы мамыр айында Орта Азия әскери аймағының құқрамына кірді, одан кейін Түркістан әскери аймағына бағынысты болды.
1992 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылуына байланысты Қазақстан республикасы Қорғаныс министрлігіне тікелей бағынды.
Бөлім Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің Штабтар бастықтары Комитетінің 2003 жылғы 1 желтоқсанынын №391 бұйрығы негізінде, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2003 жылғы 27 наурызындағы №1/18/1/128 Директивасына және “Шығыс” өңірлік қолбасшысының 2003 жылғы 28 маусымдағы №116 бұйрығына сәйкес, 2003 жылдың 25 желтоқсанынан 114-ші материалдық-техникалық қамтамасыз ету бригадасының бағынысына өткізілді.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2007 жылғы 14 қарашасындағы №1/14/016 Директивасының сәйкес 41446 әскери бөлімі 114-ші материалдық-техникалық қамтамасыз ету бригадасының қарамағынан шығарылып, “Шығыс” өңірлік әскерлері қолбасшылығы қолбасшысының бағынысындағы әскери бөлімдердің құрамына қосылды.
2022 жылдың қыркүйек айында 41446 әскери бөлімі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штаб бастығы Инженерлік әскерлер департаментінің қарамағына өтті.
2. Әскери бөлім басшылығы және олардың телефон нөмірлері (сенім телефондары):
— әскери бөлім командирінің Т.А.Ж., телефон нөмірі – полковник Умирбаев Есет Сайлауханович, 87052080188;
— Әскери бөлім командирінің ТИЖ жөніндегі орынбасарының Т.А.Ж., телефон нөмірі – подполковник Рахимбеков Бекболат Ербулатович, 87021925143;
— келушілерді қабылдау күндері және уақыты әр аптаның сәрсенбі, бейсенбі күндері, сағат 15.00-17.00;
— жедел байланыс үшін телефон нөмірі (әскери бөлім бойынша кезекші) – 70-911;
3. Қызмет ету жағдайлары:
— күн тәртібінің сипаттамасы (сабақ кестесі, спорт, демалыс және т.б.).
КҮН ТӘРТІБІ
Р/с№ | Іс-шаралар атауы | Уақыты | Ұзақтығы (мин) | |
Басталуы | Аяқталу | |||
Жеке құрамның ұйқыдан тұруы | 6.30 | 6.40 | 10 | |
Таңертеңгі дене шынықтыру жаттығуы | 6.40 | 7.20 | 40 | |
Таңертеңгі жуыну, төсек орнын жинау | 7.20 | 7.40 | 20 | |
Таңертеңгі байқау | 7.40 | 7.50 | 10 | |
Таңертеңгі ас | 7.50 | 8.20 | 30 | |
Саптық даярлықтан дайындық (ақпараттандыру) (типтік аптаға сәйкес ақпараттандыру – дүйсенбі, бейсенбі, құқықтық ақпараттандыру – сенбі, саптық даярлықтан дайындық – сейсенбі, жұма, радияциялық, химиялық және биологиялық қорғаныстан тренаж – сәрсенбі) | 8.20 | 8.40 | 20 | |
Сабаққа жеке құрамды тарату | 8.40 | 9.00 | 20 | |
ҚЖжЖТ қызмет көрсету (қоймаларда жұмыс, бөлімді материалдық заттармен қамтамасыз ету, операциялық-қоймалық іс-шаралар) (сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі) | 9.00 | 12.50 | 230 | |
Саптық дайындық (дүйсенбі) | 9.00 | 9.40 | 40 | |
Мемлекеттік-құқықтық дайындық (дүйсенбі) (жұма) | 9.50 9.00 | 11.20 10.30 | 90 | |
Жауынгерлік дайындық бойынша сабақтар (дүйсенбі) (жұма) | 11.30 12.20 | 12.10 13.00 | 40 40 | |
Түскі асқа дайындық | 13.00 | 13.10 | 10 | |
Түскі ас | 13.10 | 14.00 | 50 | |
Жеке қажеттіліктеріне арналған уақыт (сабақтарға дайындық) | 14.00 | 14.50 | 50 | |
Қару-жарақ пен жайынгерлік техникаларға қызмет көрсету (қару тазалау) (дүйсенбі, сейсенбі, жұма) | 15.00 17.00 | 15.40 17.40 | 40 | |
ҚЖжЖТ қызмет көрсету (қоймаларда жұмыс, бөлімді материалдық заттармен қамтамасыз ету, операциялық-қоймалық іс-шаралар) (сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі) | 15.50 | 16.30 | 40 | |
Тәрбие жұмысы (дүйсенбі) Өздігінен дайындық («стандарт» оқу, қару-жарақ пен оқ-дәрілерге қызмет көрсету, қару тазалау) (сейсенбі, сәрсенбі) Қорытынды жасау (бұйрықтарды жеткізу) (жұма) | 16.40 | 17.20 | 40 | |
Дене шынықтыру жаттығуы (аптасына үш сағаттан кем емес): кростық дайындық (дүйсенбі, жұма) спорттық жұмыс (сәрсенбі) | 17.00 | 17.50 | 50 | |
«Стандарттар» мамандық бойынша сұрақтарды оқу (дүйсенбі, сейсенбі сәрсенбі) «Стандарттар» мамандық бойынша дайындықтан ведомость бойынша қорытынды тапсыру (жұма) | 18.00 | 18.50 | 50 | |
Кешкі асқа дайындық | 18.50 | 19.10 | 20 | |
Кешкі ас | 19.10 | 19.40 | 30 | |
Жеке қажеттіліктеріне арналған уақыт («Хабар» телебағдарламасын көру) | 19.40 | 22.00 | 140 | |
Кешкі серуен | 22.00 | 22.10 | 10 | |
Кешкі тексеру | 22.10 | 22.20 | 10 | |
Ұйқыға дайындалу | 22.20 | 22.30 | 10 | |
Ұйқыға жату | 22.30 |
Ескертпе:
1)әр айдын тақ жұмалары (айдын 1,3 аптасы) жұмыс күні (әскери қызметшілер үшін) сағат 08.50-ден 17.50-ге дейін, сенбі – жұмыс күнісағат 08.50-ден 13.50-ге дейін, жексенбі – демалыс күні;
2) әр айдын жұп жұмалары (айдын 2,4 аптасы) жұмыс күні (әскери қызметшілер үшін)сағат 08.50 ден 18.50-ге дейін, сенбі, жексенбі – демалыс күндері.
– сарбаздар 80 жататын орыны бар үй-жайда тұрады, казарма жаңа үлгіде 2024 жылдың шілде айында салынған, барлық тұрмыстық қажеттіліктермен қамтамасыз етілген, сарбаздар асханасы 40 адамға арналған, сарбаздар асханасының тағамдары белгіленген нормаларға сәйкес әзірленеді, медициналық пунктте күнделікті медициналық персонал кезекшілік атқарады, күнделікті кешкі уақытта жатар алдында сарбаздрмен дене тексерісі жүргізіледі, сарбаздардың денсаулығына күнделікті назар аударылуда;
— тәрбие жұмысы және психологиялық қолдау (психологтардың жұмысы) – әр аптаның жұмыс күндері ттәуліктік кезекшілікке және қарауыл қызметіне түсетін әскери қызметшілермен түсер алдында моральдық – психологиялық көңіл күйін анықтау мақсатында психологиялық тестілеу өткізіледі, әр аптаның сенбі және жексенбі күндері моральдық – психологиялық көңілді оңтайландыру, көтеру мақсатында психологиялық тренингтер өткізіледі;
– күн тәртібі сабақтар кестесіне сәйкес өткізіледі, түстен кейінгі уақытта өзіндік дайындық, спорттық іс – шаралар, тәрбие жұмысының іс – шаралры, жоғары оқуға түсуге ниет білдірген сарбаздардың өзіндік дайындалу уақыты, сонымен қатар әскери бөлімне жоғарғы басшылықтан қойылған іс – шараларды орындау болып табылады.
Бул әскери бөлімше өте жақсы бәрі керемет.
Бул әскери бөлімше өте жақсы бәрі керемет
Я мама солдата-срочника Кот Григория, который служит в в/ч 41446.Очень переживали, когда сын пошел в армию, боялись дедовщины, неуставных отношений, вымогательств и т. д…… Наши ребята отслужили уже 10месяцев,ничего подобного НЕТ!!!!!. Хочу сказать, что в этой части очень хороший коллектив. Мы очень рады, что наш сын попал именно в эту часть. Огромная благодарность всем офицерам, сержантам, поварам, медперсоналу! Отдельное СПАСИБО замполиту части Рахимбекову Бекболату Ербулатовичу. Обращались очень часто к нему, всегда отвечает на вопросы. Спасибо, что создали группу для нас, родителей, за фото, видео. Спасибо за еженедельную видеосвязь с нашими сыновьями. Здоровья, благополучия, мирного неба!
Я мама солдата Кот Григория, который в настоящее время служит в в/ч 41446. Когда наш сын пошел в армию, мы очень боялись дедовщины, неуставных отношений, вымогательств и т.д. Но в этой части такого просто нет! Очень дружные ребята, ответственные и добросовестные офицеры, сержанты. Огромная благодарность за это командиры части Умирбаеву Е. С.! Особая благодарность замполиту части Рахимбекову Б. Е., который информирует нас, родителей, что происходит с нашими сыновьями, отвечает на личные вопросы. Мы видим на фото наших детей, общаемся по видеосвязи, по телефону. Никаких жалоб от своего сына я не слышала, только добрые слова. Нам очень повезло, что наш сын попал именно в эту часть. Огромная благодарность всем офицерам, сержантам, поварам, медперсоналу!
41446 әскери бөлімі, басшылары, ж.т.б. әскери қызметкерлер, жақсы ,тамаша, керемет!
Керемет, Шолпан, Ирина, Ваши отзывы очень приятны, надеемся, что Ваши сыновья получили закалку, возмужали и принесут нашей Родине благополучия!!! Надеемся, что специальности, полученные в Армии, не останутся без востребованными Всего Вам наилучшего, спасибо за Ваших сыновей, они лучшие
Аягоздегі 41446 әскери бөлімінің басшыларына және Бекболат Ерболатұлына алғысымыз шексіз. Көп рахмет
Отан алдында Отанын қорғау әрбір ер азаматтың міндеті деп білем ! Осы 41446 әскери бөлімшесінде бауырым Сайлаубеков Нұрәлі Қанатұлы Отан алдындағы өз міндетін атқарып жатыр . 1-жылдың көлемінде осы бөлімше туралы тек жақсы пікір естіп келеміз .Сіздердің әскери бөлімшелеріңізден ер жүрек ,батыл, елін жерін қорғайтын азаматтар тәрбиеленіп шығады деген ойдамыз.✊️
Өте жақсы әскери бөлім!