28903 әскери бөлімі. Войсковая 28903

Где служит мой сын?

1.Жалпы мәліметтер:
—  әскери бөлім нөмірі: Оңтүстік Өңірлік қолбасшылығы, 28903 әскери бөлімі.
—  почталық мекенжай: 080000
2. Әскери бөлім тарихы:
1994 жылғы 4 ақпанда Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің директивасына сәйкес Алматы облысы Бурундай елді мекенінде 28903 әскери бөлімі құрылды, 2001 жылы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерін байланысын қамтамасыз ету үшін Тараз қаласына көшірілді. Бөлімнің негізгі міндеті Тараз гарнизонындағы әскери бөлімдерді тұрақты әрі сапалы байланыспен қамтамасыз ету.
Құрылған уақыт ішінде әскери бөлім өзіне жүктелген міндеттерді абыроймен атқарып, алдыңғы қатардан көрініп келеді. Байланысшы әскери қызметшілердің кәсіби шеберлігі мен іскерлігі, далалық машықтығы жылдан жылға артып, бүгінгі таңда 28903 әскери бөлімі  «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының үздік әскери бөлімдері қатарында.
3. Әскери бөлім басшылығы және олардың телефон нөмірлері (сенім телефондары):
—  28903 әскери бөлім командирі подполковник Нартов Тахир Жумабаевич, тел: 8 702 857 51 59
— 28903 әскери бөлім командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Ахилбаев Нұрғали Дүйсенбаевич, тел: 87029584002
28903 әскери бөлімінің психологы капитан Атаханова Дина Елгельдыевна, тел: 87075268231
— келушілерді қабылдау күндері және уақыты:
1) Әскери бөлімнің командирі: бейсенбі 16.00-17.00.
2) Әскери бөлімнің штаб бастығы: сәрсенбі 16.00-17.00
3) Әскери бөлім командирінің орынбасарлары: сәрсенбі 16.00-17.00
4) Әскери қызметшілердің отбасымен жұмыс ұйымдастыру қызметі: әр күннің жұмыс регламентіне сәйкес 9.00-17.00 (сенбі және жексенбі күнді ескермегенде)
5) Әскери бөлім психологы күнделікті жұмыс жоспарына сәйкес 15.00-16.00.
— жедел байланыс үшін телефон нөмірі (әскери бөлім бойынша кезекші): 505-11, 505-12.
4. Қызмет ету жағдайлары:
тәрбие жұмысы және психологиялық қолдау (психологтардың жұмысы).
1) жеке құраммен өткізілетін тәрбие жұмысының негізгі мақсаты;
28903 әскери бөлімнің жеке құрамына Қазақстандық патриотизм, отанды қорғауға дайын болу, әскери борышқа адалдық, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштердегі, қызметіне жауапкершілікпен және мақтанышпен қарауға, әскери және құқықтық тәртіпті нығайтуға, сондай-ақ әскери қызметшілердің психологиялық – педагогикалық және құқықтық білімдерін жетілдіруге бағытталады.
Бөлім басшылығы мен бөлімшелері өз жұмысының негізгі күшін оқу – ұрыс тапсырмаларын сапалы орындау, ішкі тәуліктік кезекшілікті, әскери қызметшілердің кәсіби даярлықты меңгіруі, әскери тәртіпті күшейту, жаңадан қосылған әскери қызметкерлермен жұмыстың сапасын көтеру, Қазақстан Республикасының қорғаныс министірінің 2022 жылғы 13 қазанындағы № 911  бұйрығы негізінде 2025 оқу жылына 28903 әскери бөлімінде әскери тәртіп жағдайын нығайту мақсатында, мықты жарғылық ретке келтіру үшін келесі тапсырмалар қойылды:
1.«Өмірді сақта» ведомствоаралық бағдарламасын іске асыру бойынша жеке құрам арасында құқықбұзушылықтарға жол бермеудің іс — шаралары;
2.Қылмыспен құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау мақсатында «Нүктелі профилактика әдісін» негізге алу және құқық қорғау органдарымен профилактикалық іс – шараларды үйлестіру;
3.Жеке құраммен жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлық сабақтарын сапалы өткізуге жұмылдыру;
4.Жеке құраммен өткізілетін тәрбиелік шараларды жүйелеу, спирттік ішімдіктерді ішу, қызметке келмеу тәртіп бұзушылықты болдырмау;
5.Жалпы бөлімнің жеке құрамымен және офицерлерінің қатысуымен жиналысын өткізу;
6.Ішкі қызметті алып жүрудегі қызметкерлерімен әскери қызметкерлердің барлық санаттағы әскери жүктемелерінің біркелкілігін, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды қамтамасыз ету;
7.Әскерлер қызметін нақты ұйымдастыру және қатаң жарғылық тәртіп, әскери қызметкерлері арасында жарғылық ережелердің бұзушылуын жою;
8.Қару-жарақ, оқ-дәрі және басқа материалдық құралдарды ұрлауды болдырмау;
9.Тәуліктік және қарауылдық кезекшілік қызметін атқаруды сапалы ұйымдастыру, бөлімнің аумақтарын қорғау мен күзетуді ұйымдастыру;
10.Қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау.
Жүргізіліп жатқан іс-шаралар бөлімінің алдына қойылған міндеттерін толық көлемде және қанағаттанарлық сапада шешуге мүмкіндік береді.
Біраз бөлімше командирлерінің көпшілігі әскери тәртіпті күшейтуге бағытталған міндеттерді орындады. Көптеген әскери ұжымдарда сау моральдық-психологиялық жағдай қалыптасқан.
Жеке құраммға жоғарғы деңгейде тәлім тәжірибе беру мақсатында тәрбие жұмыстары жоспарына сәйкес әр аптаның дүйсенбі және жұма күндері тәрбие жұмыстары ұйымдастырылады. Жеке құрамның моралдық психологиялық жай күйлерін жоғары деңгейгк көтеру және оны қолдау бойынша қалалық экскурсия жұмыстары ұйымдастырылады.
Әскери бөлім психологының негізгі жұмыс бағыты ол:
1) жеке құрам жеке басының ерекшелігін психодиагностикалау;
2) бөлімшелерде топтық процесті зерделеу;
3) өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасының психологиялық профилактикасы;
4) жеке құрамды психологиялық тұрғыдан даярлау;
5) жауынгерлік кезекшілікті, қарауылдық және ішкі қызметті психологиялық тұрғыдан сүйемелдеу;
6) жеке құрамға психологиялық көмек;
7) жеке құрамды психологиялық тұрғыдан баулу болып табылады.
 Жеке құрамға психологиялық көмек көрсету барысында мынадай міндеттер шешіледі:
1) дағдарысты психологиялық жай-күйді шешу;
2) арналуы бойынша міндеттерді орындауға психологиялық тұрғыдан дайын болуының қажетті деңгейін ұстау және қалпына келтіру;
3) жеке құрамды әскери қызмет шарттарына бейімдеу кезеңінде оларды психологиялық тұрғыдан қолдау;
4) қызметтік іс процесінде психикалық зақым алған жеке құрамды психологиялық тұрғыдан оңалту жұмыстары әскери бөлім психологының тікелей басшылығымен іске асырып жатыр.
әскери қызмет өткері жағдайлары туралы ақпарат (тұрғын үй, тамақ, медициналық көмек, қауіпсіздік және т.б.).
1) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін әскери қызмет өткеру жағдайлары мемлекеттік қаржыландыру есебінен жүргізіліп отыр, яғни:
— тұрғылықты жағдайлары бойынша мерзімді қызметтің әскери қызметшілері үшін әскери бөлім аумағындағы казармалық үй – жайларда орналастырылады.
— әскери қызметшілердің жалақылық жағдайлары және оларға төленетін сауықтандыру бойынша қаршы есебі мемлекеттік жүйеде жүргізіледі. Яғни мерзімді қызметтің әскери қызметшілері үшін 3300 теңге көлемінде, ал келісімшарт бойынша әскери қызметшілер үшін өзінің атқарып отырған лауазымдық жүйелес көлемінде есептелінеді. Демалыстық сауықтандыру келісімшарт бойынша әскери қызметшілер үшін екі лауазымдық жалақы ретінде төленеді, мерзімді әскери қызметшілер үшін қарастырылмаған. Қызметтік іс сапарға баратын әскери қызметшілер үшін жаратылған барлық шығын мемлекет қаржы есебінен жүргізіледі. Тағы бір айта кететін жайт әскери қызметшілер үшін материалдық көмек мемлекет тарапынан көрсетіледі (жақыны қайтыс болған, жанұялы болған, оқыс оқиға болған және т.б ) жағдайларда.Курсанттарды, кадеттерді және әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілер 100 км астам қашықтықтағы басқа жергілікті жерге жаңа қызмет орнына ауысқан кезде оларға әскери қызметшінің өзіне екі айлық ақшалай қамтылым және әрбір отбасының мүшесіне айлық ақшалай қамтылымның жартысы мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленеді.
— мерзімді қызметтің әскери қызметшілерін тамақтандыру мемлекеттік қаржыландыру есебінен
ҚР Қорғаныс Министрінің 2015 жылға 18 маусымындағы № 353 бұйрығы негізінде жүргізіледі.
—  мерзімді қызметтің әскери қызметшілерін әскери киім үлгісімен жабдықтандыру ҚР Қорғаныс Министрінің 2015 жылға 27 мамырындағы № 277 бұйрығы негізінде жүргізіледі.
— әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсету жағдайлары әскери бөлімдерде, және әскери госпиталдарында жүзеге асырылады. Яғни әрбір Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері үшін медициналық көмек мемлекет тарапынан тегін жүргізіледі. Әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері, сондай – ақ жасына немесе денсаулық жағдайына байланысты әскери қызметтен босатылғандар тегін медициналық көмек алуға құқылы. Әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде жараланған, контузия алған, жарақаттанған немесе ауруға шалдыққан әскери қызметшілер құрамында әскери қызмет өткеріп жатқан Қарулы Күштер қаражаты есебінен санаториялық – курорттық емдеуге жіберіледі.
5. Өзекті ақпарат
Әскери қызмет – мемлекет пен халықтың алдында Қазақстан Республикасының азаматтарының ҚР ҚК, ҚР басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында өздерінің қасиетті борышы мен міндеттерін орындауымен байланысты мемлекеттік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Кеңес одағының батыры, жазушы, әскери қолбасшы Бауыржан Момышұлының кереметтей сөзі бар Ел қадірін білмеген ер қадірін білмейді осынау ата – бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған кең байтақ жеріміздің ұйытқысын сақтап қалу мына жас отан қорғаушы сіздердің басты міндеттеріңіз! Еліміздің болашағы – жастардың қолында.
6. Күн тәртібі:
1.06.00-06.10: ұйқыдан тұру
2.06.10-06.40: таңертенгі жаттығу
3.06.40-07.10: таңертеңгі дәретхана, төсек орнын жинау
4.07.10-07.20: таңертеңгі тексеру
5.07.20-08.00: таңғы ас
6.08.00-08.20: ақпараттандыру
7.08.20-08.50: жауынгерлік дайындық бойынша жаттығулар
8.08.50-09.00: сабаққа дайындық
9.09.00-13.00: жауынгерлік және дене шынықтыру сабақтары
10.13.00-13.10: түскі асқа дайындық
11.13.10-13.50: түскі ас
12.13.50-14.50: жеке қажеттіліктерге арналған уақыт
13.15.00-16.50: өзіндік даярлау, қару – жарақ пен әскери техникаға күтім жасау
14.17.00-17.50: тәрбие жұмысы
15.18.00-18.50: өзіндік дайындық
16.19.00-19.30: кешкі ас
17.19.30-20.30: жеке қажеттіліктеріне арналған уақыт
18.20.30-21.20: ақпараттық бағдарлама көру
19.21.20-21.30: кешкі серуен
20.21.30-21.40: кешкі тексеріс
21.21.40-22.00 ұйқыға дайындық
22.22.00: ұйқы
7. Әлеуметтік желі
Тик ток: taraz_28903

0

Автор публикации

не в сети 3 дня

armankt_vmb3c7u1

6
Разработчик
Комментарии: 2Публикации: 78Регистрация: 05-07-2024
armankt_vmb3c7u1

Разработчик

Оцените автора
ARMIA.KZ
Добавить комментарий
Нажмите на кнопку Прокрутите вниз, затем нажмите -> На экран «Домой» -> Добавить
Используйте Safari для большего удобства
Главная
Моя лента
ИИ Чат
Популярное
Аккаунт