Жалпы мәліметтер Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министрлігі «28738 әскери бөлімі» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ Құқықтық мекен-жайы: Абай облысы, Семей каласы, Батыс промузел көшесі, әскери калашық, 2/4 ғимарат. Тел: 8 — (7222) — 44 — 56 — 40
Әскери бөлім тарихы КСРО Қарулы Күштері Бас штабының 1972 ж. 30 қаңтардағы Директивасы негізінде артилериялық полк құрала бастады. Полкты кұрау майор Петр Петрович Зеленькога жүктелді. 1972 жылдың 10 мамырында Семей каласында «28738 әскери бөлімі» деген шартты атаумен артиллериялық полк кұрылды. 1975 жылдың 3 желтоқсанында полкқа жауынгерлік кызыл ту мен тудың берілгендігі туралы КСРО жоғары кеңесі Призидиумының марапат кағазы берілді. 1972 жылдың 10 мамырынан бастап полктың құрылу күнінің құрметіне орай жыл сайын осы күн мерекеленіп отырды. 1992 жылдың қыркүйек айында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің құрылуына байланысты 28738 әскери бөлімі корпустық артиллериялық полк деген атауға ие болып Қазақстан Республикасының Карулы Күштерінің 1-ші әскери корпусына кайта бағындырылады. 1999 жылдың 1 маусымынан корпустык артиллериялық полк артилериялық бригада деп аталады, ал 2000 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің әскери округтер құрылуына байланысты Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің «Шығыс» әскери округіне бағындырылады. «2003 жылдың қыркүйек айынан 2004 жылдың тамыз айына дейін артилериялық бригада Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері. Құрлық әскелерінің «Шығыс» өңірлік Қолбасшылығына бағынады 2004 жылдың қыркүйек айынан бастап артиллериялық бригада ҚРҚК артиллерия және ракета әскерлері Қолбасшының басқармасының қарамағына берілді.
Әскери бөлім басшылығы 28738 әскери бөлімінің командирі полковник Жумагазин Ермек Беркутович Тел: 87016054451, 87771920007. Бөлім командирінің (тәрбие және идеологиялық жұмыстары жөніндегі) орынбасары — бөлім бастығы майор Мұратұлы Мухит Тел: 87756542290.
Тәрбие жұмысы: «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Қорғаныс министрлігінің 2022 жылғы 13 қазандағы № 911 бұйрығына сәйкес: Тәрбие жұмысы аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері – мерзімді қызмет сарбаздарымен жүргізіледі.
Қызмет талабы: Әскери қызмет туралы заңнамада әскери қызметшілер үшін толық әлеуметтік пакет қарастырылған: 25 және одан да көп жыл еңбек сіңірген кезде-жекешелендірілген тұрғын үйге және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне құқық. 12,5 жыл жеңілдік есебімен және осыған ұқсас азаматтық еңбек өтілімен-45-47 жылда зейнетке шығу құқығы. 20 жыл қызмет еткен кезде-тұрғын үйді тегін жекешелендіру немесе өтемақы. 10-20 жыл қызмет еткен кезде-қызметтік тұрғын үйді қалдық құны бойынша Қорғаныс министрлігінің қорынан тұрғын үйге айырбастау. Мемлекет әскери қызметшілерді тегін медициналық қызмет көрсетумен, қызметтік тұрғын үймен, әлеуметтік сақтандырумен, демалыс, емдеу, оқу және іссапарлар кезінде ақшалай үлесін сақтаумен қамтамасыз етеді. Әскери қызметшілердің әлеуметтік кепілдіктері азаматтық кәсіптерден едәуір асып түседі.
Әлеуметтік желі: Инстаграм: v28738 Тик-ток: v28738
Күн тәртібі: 06:00-06: 10 ұйқыдан тұруы 06:10-06: 40 таңертеңгі жаттығу 06:40-07: 10 таңертеңгі дәретхана, төсек жинау 07:10-07:20 таңғы байқау 07:20-08:00 Таңғы ас 08:00-08:20 ақпараттандыру 08:20-08:50 жауынгерлік даярлықтан жаттығулар 08: 50-09: 00 сабаққа таралым 09: 00-13: 00 жауынгерлік дайындық, саптық дайындық, Кросстық дайындық 13:10-13:50 Түскі ас 15: 00-16: 50 өзін-өзі даярлау, қару-жарақ пен техниканы күту 17:00-17: 50 тәрбие және спорттық жұмыс 18:00-18:50 сынақтарды тапсыру 19:00-19:30 кешкі ас 19:30-21:20 жеке қажеттіліктерге арналған уақыт, теледидар көру 21:20-21:40 кешкі серуен, тексеру 21:40-22:00 ұйқыға дайындық 22:00 ұйқыға жату