1. Жалпы мәліметтер:
— Әскери бөлім нөмірі: 15701
— пошталық мекенжайы – 070200, Абай облысы Аягөз қаласы Абай бульвары көшесі 19 ғимараты;
2. Әскери бөлімнің тарихы
Кеңес Совет Одағы Республикасы Қорғаныс министрінің Директивасы бойынша артелериялық
оқ-дәрілер қоймасы 1965 жылы 14 желтоқсан күні Талдықорған облысы Лепсі ауылында құрылды.
1965 жылдың 18 тамыз күні артиллериялық оқ-дәрілер қоймасы 15701 әскери бөлім атауын алды 1967 жылдың 15 қыркүйек күні Семей облысы Аягөз қаласына ауыстырылды.
1968 жылдың 1 тамыз күні Кеңес Совет Одағы Республикасы Қорғаныс министрінің Бас штабының жарғысы бойынша Орта Азия әскери өңірлігіне берілді.
1989 жылдың 1 мамыр күні 15701 әскери бөлімі Түркістан әскери өңірлік Қызыл Ту құрамына кірді себебі Орта Азиялық әскери өңірлігі тарады.
2000 жылдың 6 шілде күні Қазақстан Республикасы Президентінің жарғысына байланысты 15701 әскери бөлімі Шығыс әскерлер өңірлігінің бағынысына берілді. Шығыс өңірлік әскерлер қолбасшысының бұйырығымен 15701 әскери бөлімінде жеке техникалық ротасы құрылды.
2005 жылдың 17 мамыр күні Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің Директивасына сәйкес оқ-дәрілер артиллерия базасы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас Басқармасының бағынысына берілді.
2007 жылдың 15 қыркүйек күні Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің штаб бастығы комитет төрағасының жарғысына сәйкес 15701 әскери бөлімі Шығыс әскерлер өңірлігінің бағынысына берілді.
3.Әскери бөлім басшылығы:
— Әскери бөлім командирі: полковник Абиталимов Уран Токтасынович
Тел.8-705-330-48-78
— Бөлім командирінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары: подполковник Адылбаев Рахатбек Қанағатович тел. 8-775-484-80-27
— келушілерді қабылдау күндері және уақыты әр аптаның дүйсенбі және бейсенбі күндері, сағат 16.00-17.00;
— жедел байланыс үшін телефон нөмірі (әскери бөлім бойынша кезекші) – 8 (776) 449-32-54
4. Қызмет көрсету шарттары
Әскери қызмет туралы заңнамада әскери қызметшілерге толық әлеуметтік пакет қарастырылған:
25 жыл және одан да көп еңбек өтілі болса – жекешелендіру арқылы тұрғын үй алу құқығы және еңбек өтілі үшін зейнетақы төлемдері.
Жеңілдікті есепте 12,5 жыл еңбек өтілі және осыған ұқсас азаматтық тәжірибесі бар – 45-47 жас аралығындағы зейнетақы алу құқығы.
20 жыл қызмет еткеннен кейін – тұрғын үйді тегін жекешелендіру немесе өтемақы.
Қызметтік тұрғын үй 10-20 жыл қызмет еткеннен кейін қалдық құны бойынша Қорғаныс министрлігі қорынан тұрғын үйге айырбасталады.
Мемлекет әскери қызметшілерді тегін медициналық көмекпен, қызметтік тұрғын үймен, әлеуметтік сақтандырумен, демалыста, емделуде, оқуда және іссапарларда жалақысының сақталуын қамтамасыз етеді.
Әскери қызметкерлердің әлеуметтік кепілдіктері азаматтық кәсіптерге қарағанда айтарлықтай асып түседі.
5. Тәрбие жұмысы
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жеке құрамымен тәрбие, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық және идеологиялық жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 2022 жылғы 13 қазандағы No 911 бұйрығына сәйкес:
Тәрбие жұмыстары аптасына екі рет – дүйсенбі және жұма күндері әскерге шақырылушылармен жүргізіледі.
6. Әскери бөлім күн тәртібі
06:30-06:40 Жеке құрамның тұруы
06:40-07:20 Таңертенгілік дене шынықтыру
07:20-07:40 Таңғы дәретхана, төсекті жинау
07:40-07:50 Таңғы тексеріс
07:50-08:20 Таңғы ас
08:30-08:50 Жеке құрамды жаттықтыру, ақпараттандыру
08:50-09:00 Сабаққа жеке құрамды тарату
09:00-13:00 Сабақ
13:00-15:00 Түскі ас
15:00-16:50 Өзіндік дайындық, апталық қорытынды жасау
17:00-17:50 Тәрбие жұмыстары, спорттық жұмыстар
18:00-18:50 Күнге қорытынды жасау
19:10-19:40 Кешкі ас
19:40-22:00 Жеке қажеттілік үшін уақыт, ақпараттық бағдарлама көру
22:00-22:20 Кешкі серуен, тексеру
22:30 Ұйқыға жатқызу
7. Аккаунты
@ayagoz15701







