1.Жалпы мәліметтер:
— Әскери бөлім атауы: 15632 әскери бөлімі
— Мекенжайы: Жамбыл облысы Қордай ауданы Гвардейск қалашығы, почта индексі № 080409
2.Әскери бөлімнің құрылу тарихы
15632 әскери бөлімі Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардейск қалашығында 1971 жылы 30 наурызда құрылды.
Осыдан 53 жыл бұрын ол кездегі кеңес одағы Қорғаныс министрі басшылығының ұйғарымымен броньды техникаларды резервте ұстау және сақтау базасын Отар жерінде құру туралы шешім шығарылды.
Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы ыдырап әр республика тәуелсіздігін жариялап жатқан тұста егеменді еліміздің Қарулы Күштері үшін осыншама броньды техникаларды сақтау және резервте ұстау міндеті тұрды.
Тәуелсіздігін енді жариялаған елдің Қарулы Күштері жаңадан құрылып жатқан тұста бұл шаруа оңайға соққан жоқ.Офицерлер, сержанттар, жалпы мамандар кадры жетіспейтін кез еді. Сол қиыншылықтарға қарамастан осыншама техниканы сақтап, Қарулы Күштердің игілігіне қазіргі кезде жұмсап отырмыз!
Әскери бөлімнің негізгі мақсаты-броньды танк қару-жарағы мен әскери техника қорын сақтау және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің өркендеуіне орасан зор үлес қосты.Атап айтқанда, мемлекетімізде – мамыр — Ұлы жеңіс және 7 мамыр Отан қорғаушылар күндері құрметіне арнап өткізілетін әскери шерулерге қатысатын жауынгерлік техникалар осы бөлімде жөндеуден өткізіп, әзірленіп, Еліміздің Ордасы – Астана қаласында бүкіл Қазақстан халқы тамашалайтын әскери шерулерге аттандырылады.
Бұдан басқа жоғарғы жетістіктер болып табылатын, ол жыл сайын өткізілетін Дүниежүзілік армия ойындарындағы біздің танкішілерімізбен жауынгерлік машина құрамының жетістіктері. Яғни, олар 30-32 елден келген командалар арасында тек жүлделі 2-3 орындарды алып жүр. Сол жарысқа қатысатын броньды танк техникалары біздің әскери бөлімімізден барлық тесерулерден өтіп, өңделіп, дайындалып шығады.
Болашақта біздің әскери бөліміміздің жеке құрамы өз қызметтерін жоғары дәрежеде атқарып, мемлекетіміздің гүлденуіне өз үлестерін қосуға дайын деп нық сендіреміз.
3.Әскери бөлім басшылығы және олардың телефон нөмірлері ( сенім телефондары):
— 15632 әскери бөлімінің командирі полковник Кырыкбаев Данияр Нурланович — телефон нөмірі: 87077067173
15632 әскери бөлімі командирінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Есбосынов Бауыржан Базарбаевич — телефон нөмірі: 87024716087
15632 әскери бөлімінің психологы Анарбекова Гульнара Сайлауовна — телефон нөмірі: 87029063565
жедел байланыс үшін телефон нөмірі – 11-800
4.Қызмет ету жағдайлары:
Күн тәртібі бойынша сабақ кестесіне сәйкес мемлекеттік-құқықтық дайындықтары, ақпараттық тәрбие жұмыстары, жауынгерлік дайындық бойынша атыс дайындықтары, саптық дайындық, медициналық дайындық, демалыс және мереке күндеріне арналған іс-шаралар, психологиялық жұмыстар;




